Қарағанды облысының полицейлері Теміртау мектептерінде жарылғыш зат бар деп хабарлаған белгісіз азаматты іздестіріп жатыр.

Түнде Теміртау полициясына қаладағы мектептердің біріне бомба қойылғаны туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнына жедел қызметтер жұмылдырылды.

Полиция қызметкерлері ғимаратты тексерді. Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау бойынша кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр», – деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Күдікті таратқан хабарламаға байланысты Теміртау қаласында барлық мектептер мен балабақшалар тексерілді. Еш жерден жарылғыш зат табылған жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!