ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі теңгемен жинақталған депозиттердің өтемақысы қалай есептелетінін түсіндірді.
Өтемақы қандай депозиттерге төленеді?
Агенттіктің ресми сайтында жеке тұлғалардың теңгемен жинақталған депозиттеріне өтемақы төлеудің қағидалары жарияланды. Ол қағидалар ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 614 қаулысымен бекітілген және 2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілген.
«Өтемақы мемлекеттен 10% сыйлықақы алуға келісімін растаған және 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін өтінім жіберген салымшыларға ғана төленеді.
Сыйлықақы ашылған және 2022 жылғы 23 ақпанда операциялық күннің соңында қалдығы болған теңгедегі салымдар бойынша төленетін болады. 10% мөлшерлеме бойынша өтелуі мүмкін ең жоғары сома 20 млн теңгеден аспауы керек. Сондай-ақ, салым жасайтын депозит ашылуы шарт», – делінген түсіндірмеде.
Нақтырақ айтсақ, мынадай теңге салымдарына өтемақы төленуге тиіс:
– жинақ салымдары;
– мерзімді салымдар (тұрғын үй құрылыс жинақтары мен білім беру жинақтау салымдарын қоса алғанда).
«Сондай-ақ, салымшыда бір банкте біреуден артық өтемақы төленетін депозит болған кезде өтемақы жалпы сомасы 20 млн теңге ден артық бола алмайды», – деп жазылған қағидада.
Өтемақы алудың тағы мынадай шарттары бар:
Сыйлықақы 2023 жылдың 23 ақпанына дейін өтемақы төленетін депозиттен ішінара ақша алынбаған кезде және 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпан аралығындағы кезеңде өтемақы төленетін депозит толықтырылған, ішінара ақша алынған кезде – 2022 жылғы 23 ақпаннан қоса алғанда 2023 жылғы 23 ақпан аралығындағы кезең үшін операциялық күннің соңына тіркелген, өтемақы төленетін депозиттегі ең төменгі қалдық сомасына төленеді.
Ал өтемақы төленетін жаңа депозит(-тер) ашқан кезде, өтемақы төленетін депозит мерзімі аяқталған күннен бастап жаңа өтемақы төленетін депозит жасалған күнге дейінгі кезең үшін операциялық күн ішінде тіркелген ең төменгі қалдыққа төленеді.
Сондай-ақ, 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпан аралығындағы кезеңде салымдарды тұрғын үй құрылыс жинақтарына біріктірген кезде – 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап қоса алғанда 2023 жылғы 23 ақпан аралығындағы кезеңдегі операциялық күннің соңына тіркелген, біріктірілген салымдардың ең төменгі қалдық сомасына өтеледі.
Сонымен қатар 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпан аралығындағы кезеңде салымдарды тұрғын үй құрылыс жинақтарына бөлген кезде – 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпан аралығындағы кезеңдегі операциялық күннің соңына тіркелген, бөлінген салымдардың ең төменгі қалдық сомасына есептеледі.
«Егер өтемақы төленетін депозиттің мерзімі аяқталса және 2022 жылғы 24 ақпаннан 2022 жылғы 1 қазан аралығындағы кезеңде ұзартылмаса, салымшының келісімімен осындай өтемақы төленетін депозиттен сол банктегі жаңа өтемақы төленетін депозитке (-терге) ақша аударуға жол беріледі.
Бірақ ол үшін мынадай талаптар сақталуы керек:
– мұндай аударым 2022 жылғы 23 ақпанда операциялық күннің соңында қолданылған, өтемақы төленетін депозиттің қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты банк ақшаны қайтарған жағдайда, жинақ шотынан, оның ішінде «Жеке тұлғалардың талап етілгенге дейінгі салымдары» шотынан не салымшының ағымдағы шотынан жүзеге асырылған болса.
«Салымшыларға сыйлықақы 2023 жылғы 23 ақпаннан кейін олардың салымдарына есептеледі. Өтемақы төлемі үшін арнайы жеке шоттар ашудың керегі жоқ», – деп жазадыагенттік мамандары.
Өтемақы алуүшін өтініш қалай беру керек?
Өтемақы (сыйлықақы) 2023 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмейтін мерзімде банкке өтініш беру арқылы өз келісімін берген салымшыларға ғана төленеді.
Салымшының келісім беру туралы өтінішін беру тәртібі бойынша айқындайды.
Салымшы өтініште өзінің тегін, атын, әкесінің атын (жеке куәлігінде немесе паспортта бар болса ғана), жеке сәйкестендіру нөмірін көрсетуі керек. Сондай-ақ, сыйлықақы алуға және банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты ұсынуға келісімін беруі шарт. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін беруі қажет.
Қосымша сұрақтармен қайда жүгінуге болады?
Салымшылар өтемақалу талаптарына байланысты консультациялар алу үшін «1477» нөмірі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің байланыс орталығына хабарласа алады.
«Ал қаржылық қызметтер алу кезінде құқықтарым бұзылды деп есептейтін азаматтар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21 үй мекенжайы бойынша жазбаша арыз түсіре алады.
Сондай-ақ, Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы арыздануға болады.
Қаржы реттеушісіне өтініш жазу бойынша консультациялар алу үшін салымшылар «1459» нөмірі бойынша Агенттіктің call-орталығына қоңырау шалуға немесе мына сілтемелер арқылы: жүктеуге болатын «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы сұрақтар қоя алады. Сондай-ақ мобильдік қосымшаның веб-нұсқасы қолжетімді: http://online.fingramota.kz/ru»,- деп жазылған агенттік мәліметінде.
Бұған дейін «Отбасы банк» АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимова теңгемен жинақталған депозит бойынша мемлекеттік өтемақы алуға өтініш қабылдау басталғанын мәлім еткен еді.
«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матайтың айтуынша, «Отбасы банк» теңге депозиттерін қорғау бойынша өтемақы беру бағдарламасына қатысып жатыр.
«Бұл жерде несие жинап жатқан, әзірге баспана алмаған адам да бағдарламаға қатыса алады. Оған да 10 пайыз өтемақы беріледі.
Сондай-ақ 2022 жылдың 20 ақпанына дейін бізден аралық және алдын ала займ алған, біздегі кепілде тұрған депозиттерге де 10 пайыз үстіне қосылады. Мерзімдерін нақтыласақ, 1 қазаннан 1 қаңтарға онлайн түрде өтініш беру керек», – деген болатын Жансұлтан Матай.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!