Фото: Qazsporttv

Олимпиада бағдарламасына енбейтін спорт түрлерінен The World Games – Дүниежүзілік спорт ойындары өтеді, деп жазады Egemen.kz

Қазақстанның 33 спортшысы джиу-джитсу, карате, самбо, спорттық құзға өрмелеу, жауынгерлік өнер, муай-тай, көркем гимнастика, бағдарлау, нысана көздеу сияқты 9 спорт түрі бойынша сайысады.

34 спорт түрі мен 60-тан астам жарыс түрі енгізілген биылғы ойындарға 118 елден 5 000-ға жуық спортшы қатысады деп күтіліп отыр.

Дүниежүзілік дода – Қытайдың Чэнду қаласында осы айдың 7-17 күндері аралығында өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!