Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Ел бірлігі» Тik-Tok house жобасы басталды. Аталған жоба 2022 жылдың 18 желтоқсанына дейін жалғасады.
TikTok house жобасының мақсаты – мәдени және тарихи құндылықтарды, мәдениетаралық диалогты насихаттау. «Бірлігіміз әралуандықта» қағидаты бойынша біртұтас ұлт интеграциясы идеясын көрсету. Тиктокерлер қазақ тілін үйрену және елдің қоғамдық дамуының 100 өзекті тақырыбы бойынша видео контент жасайды. TikTok house – бұл блогерлер ортақ мазмұнды жасайтын, қысқа бейнелер түсіретін және оларды #qogam_life ортақ хэштегі бойынша TikTok беттеріне орналастыратын алаң. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 200 жас, оның ішінде этномәдени бірлестіктердің, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері қатысады. Жобаны министрліктің «Қоғамдық келісім» РММ іске асырып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!