TikTok желісінде Алматыдағы домбырашылар «Kино» тобының әндерін орындап танымал болып жатыр. Видео бір күнде миллионға жуық рет қаралды. Tengri Lifestyle музыканттармен байланысып, олардың жұмыстары туралы толығырақ ақпарат алды.

«Адай» триосының домбырашы Ахат Ахмедидің айтуынша, музыкант жігіттер Павлодардан Алматыға бір-екі ай бұрын көшіп келген. Топта қазір үш адам бар: домбырашылар Ахат Ахмедий, Дастан Сайлаубаев және барабаншы Балтабек Қаппасов. Топ Kino тобы мен Виктор Цойдың жұмысын жақсы көреді, сондықтан олар танымал композицияларды өздерінше кавер етіп ойнайды.

«Неге бұл әндерді таңдадық? Себебі, үшеуміз де «Кино» тобы мен Цойдың жанкүйерлеріміз», – дейді Ахат.

Жігіттердің орындауындағы «Группа крови» әні.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!