Қызылорда облысы Қоғамдық даму басқармасының әлеуметтік жобасы аясында студент жастар арасында ерекше іс-шара ұйымдастырылды. «Қармақшы Жастары» қоғамдық бірлестігі өткізген шараның мақсаты – құқықтық мәдениетті арттыру, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Іс-шара «TIME QUEST» атты квест ойыны форматында қалалық жастар орталығының ғимаратында өтті. Ойын барысында қатысушылар топ болып әртүрлі тапсырмаларды орындап, құқықтық білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік алды.

Студенттер квест барысында заң мен құқық, азаматтық жауапкершілік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыптары бойынша білімдерін жетілдіріп, командалық жұмыстың маңызын көрсетті.

«TIME QUEST»: жастарға құқықтық мәдениет ойыны ұйымдастырылды
«TIME QUEST»: жастарға құқықтық мәдениет ойыны ұйымдастырылды
«TIME QUEST»: жастарға құқықтық мәдениет ойыны ұйымдастырылды

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!