Отан алдындағы борышын өтеп келген ұлына той жасағалы отырған ата-ананың туысқандарына арналған ерекше шақыртуы Желіде тарап кетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Қазақстандағы той жаңа бір белеске шықты. Әскерден келген ұлына ерекше той жасау біздің елде белең алды. Қазақтың тойы бітпесін!, – деп жазды ZTB.

Негізі әскерден келген жігітке той жасау осы уақытқа дейін дәстүрімізде болмаса да, соңғы жылдары баланың мектеп бітіруі мен басқа да кейбір қуаныштардың тойға айналғанын көріп жүрміз. 

Желі қолданушылары бұл тойға шақыртуды қолдап, түрлі пікір қалдырған.

«Тірі келгенінің өзі той. Не дейміз, той құтты болсын», «Ұлыңның әскерден аман-есен келгені қазір үлкен қуаныш», «Таңқалатын несі бар, түсінбеймін. Біреудің ұлы әскерден аман келсе бұл үлкен той», «Мүгедек я болмаса табытпен келгеннен көрі осылай қуанып той жасаған жақсы», «Әрбір ана үшін ұлының тірі жүруі бұл үлкен той», – деп жазды олар. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!