Есірткіге мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің адвокаты оны ұстау кезінде полицейлердің қатыгездік танытқанына наразылық танытты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қорғаушы Тілеужан Кішкенебаевтың айтуынша, тұтқындау кезінде полицейлер өз өкілеттіктерін асыра пайдаланған.

Бұған дейін әлеуметтік желіде әнші ұсталған соң медициналық сараптама бөлмесінде адвокат пен полиция қызметкерлері арасында ауызша кикілжің басталғаны туралы видео тараған.

“Бір адамды ұстау үшін жиырма полицей келген. Құдды бір ерекше ауыр қылмыс жасаған қылмыскер сияқты”, – дейді әншінің қорғаушысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!