Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Төрт өңірде тас жолдардың жабылуына байланысты Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен шамамен 400 адам тасымалданды. Бұл туралы KAZINFORM агенттігі хабарлады. 

Тас жолдардың уақытша жабылуы және басқа көлік түрлерінің қозғалысы шектелуі жағдайында пойыздар ең сенімді әрі қауіпсіз көлік құралы саналады.

-Бүгін Сарыбел, Екібастұз, Ерейментау және Бурабай курорты станцияларынан Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен шамамен 400 жолаушы тасымалданды, – делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Тасымалдау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, аса қажеттілік болмаған жағдайда ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!