Қостанайда Төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tobolinfo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың бірі – кадр бөлімінің басшысы Бауыржан Әлімбаевқа пара алды және алаяқтық жасады, ал қалғандары – Наурызым, Әулиекөл, Ұзынкөл аудандары мен Арқалық қаласының өрт сөндірушілеріне пара берді деген айып тағылды.

Әлімбаев әріптестеріне ақылы түрде басқа бөлімдерге ауысуға немесе қайта аттестациядан өтуге көмектесуге уәде берген. Бұл ретте пара алушы қызметкерді ауыстыру туралы шешімді жоғарғы басшылық, ал аттестаттау қорытындысы бойынша бүкіл комиссия қабылдайтынын алдын ала білген. Алайда ол адамдарға көмектесе алмайтынын біле тұра пара алған.

Қылмысты кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылды. Параның жалпы сомасы 500 мың теңгеден асады.

Сот Әлімбаевты алаяқтық (бір эпизод бойынша ол ақталды) және пара алу бойынша кінәлі деп танып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салумен және азаматтық қорғау подполковнигі атағынан айырумен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қалған 12-сі айыппұл төлеп, барлық дәрежелерінен айырылды. Сотталғандар 1 миллионнан 7 миллион теңгеге дейін төлеуі керек. Екі айыпталушының кінәсі дәлелденбегендіктен ақталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!