Ережесі

«ТОЛҚЫН – ТАРИХ ТАРАЗЫСЫ» атты «Толқын» газетінің 95 жылдығы және Ә.Қоңыратбаевтың 120 жылдығына арналған ақындар мүшәйрасы

Байқау қаламгерлердің шабытын шыңдау мақсатында Арал аудандық әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

1. Байқаудың мақсаты:

– Ұлт тарихын түгендеп, ауданның оң имиджін қалыптастырып отырған, елдік және ерлік дәстүрді қаламына арқау еткен басылымның ғибыратты жолын, шығармашылығын насихаттау;

– Газеттің 95 жылдық тарихын, көтерген мәселесі мен редакторларын өлеңге арқау ету

– Газет оқырман санын арттыру

– Жазушы-журналистер, қаламгер ақындар арасындағы шығармашылық байланысты нығайту.

2. Байқаудың шарттары:

– Мүшәйраға облыстағы 18 бен 35 жас аралығындағы ақындар қатыса алады;

– Байқауға ақын 2 өлең ұсынады;1) «Толқын» газетінің 95 жылдығына арнау2) Тұңғыш редактор Әуелбек Қоңыратбаевтың 120 жылдығына арнау

– Өлең көлемі 15 шумақтан асып кетпеуі тиіс

– Шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында 14 кегльмен, 1,5 интервалмен, Times New Roman қарпімен ғана қабылданады;

– Байқауға бұған дейін ешбір газетте, журналда, кітапта, электронды ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланбаған, басқа байқауларға жіберілмеген жаңа шығарма ұсынылады;

– Байқауға қатысушы тілші өзінің толық аты-жөнін, мекенжайын, қысқаша өмірбаянын, телефон нөмірін, сапалы суреті мен шығармасын tolkyngazeti@gmail.comэлектронды поштасына немесе 8 705 824 74 32 WhatsApp нөміріне #Байқауға хэштегімен жазып жібереді.

3. Байқаудың мерзімі:

– Байқауға қатысатын шығармаларды қабылдау 2025 жылы 25 қазан күнітоқтатылады;

– Қабылданған шығармалардың ішінен іріктеліп шыққан жеңімпаздар Арал қаласына қорытынды кешке шақырылады. (Өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланады);

– Қабылданған шығармалар ішіндегі ең үздік 10 ақын тәуелсіз қазылар шешімімен анықталады;

– Үздік деп танылған шығармалар БАҚ-на жарияланады.

4. Байқаудың қазылар алқасы:

– Қазылар алқасы қазақ пэзиясында өзіндік орны бар қаламгерлерден құралады;

– Олар байқауға түскен шығармаларды саралап, ең үздіктерін анықтайды;

– Анықталған шығармалардың жеңген орнын көрсетіп, ұйымдастырушыларға ұсынады;

– Ұйымдастырушылар бәйге жүлделерін үйлестіреді.

5. Байқау бәйгесі:

– Бас бәйге – 300 мың теңге;

– Бірінші орын – 200 мың теңге;

– Екінші орын – 100 мың теңге; (екеу)

– Үшінші орын – 50 мың теңге; (үшеу)

– Арнайы жүлде – 50 мың теңге

– Ынталандыру – 3 адамға 20 мың теңгеден беріледі.

– Қазылар – 50 мың (3 адам)

– ЖАЛПЫ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ – 1 МЛН 110 МЫҢ ТЕҢГЕ

Байқауға түскен шығармалардың сапасына қарай қазылар алқасының ұсынысымен және ұйымдастырушылардың мақұлдауымен бәйгелер саны өзгеруі мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!