Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұхара әуежайында президентті Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев қарсы алды.
Салтанатты қарсы алу рәсімінде Тоқаевтың құрметіне ұлттық ән мен би орындалды.
Мемлекеттің басшылары бейресми кездесу өткізіп, Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды.

Фото: Ақорда
Тоқаев пен Мирзиёев медресе, екі мешіт пен мұнарадан тұратын мемориалдық кешенді аралап көрді. Зиярат барысында Құран оқылып, бауырлас халықтарға бейбіт өмір мен бақ-береке тілеп, дұға жасалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев мемориалдық кешенге келушілермен әңгімелесіп, фотоға түсті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!