Фото: stan.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді”, – делінген бейсенбіде тараған ақпаратта.
Сапар барысында президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі деп күтілуде.
“Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді”, – деп қосты Ақорда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!