Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке ұшып кетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

ҚазТАГ редакциясы дереккөздің «Тоқаев Санкт-Петербургке ұшып кетті», – деп мәлімдегенін жазды.

25 желтоқсанда Санкт-Петербургте ТМД елдері көшбасшыларының Жаңа жыл алдындағы бейресми саммиті өтеді.

Қазақстан Президентін бұл шараға қараша айында елге жасаған сапары барысында Ресей президенті Владимир Путин шақырған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!