Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңда Түркістан қаласының рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

Құжатта:

  • тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;
  • археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;
  • тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
  • қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау; археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;

Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің бірегейлігін сақтау үшін Түркістан қаласындағы мұра нысандарының болуына қауіп төндіретін жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ, кесененің күзет аймағынан жүз метр қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын және масштабы, түсі және құрылыс материалдарымен тарихи-мәдени ескерткіштермен үйлеспейтін объектілерді салуға тыйым салынды. Қала аумағында археологиялық ескерткіштер қорығы құрылады.

Қолайлы қалалық ортаны құру, оның ішінде мүгедектер үшін инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету және инклюзивті туризмді дамыту маңызды бағыт болады. Бұл қаланы тұрғындардың барлық санаттары, соның ішінде жергілікті тұрғындар мен туристер үшін ыңғайлы және тартымды етеді.

Қаланың дамуын тиімді басқару үшін Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына қосымша өкілеттіктер берілді. Бұл шешім қабылдау үдерісін жеделдетуге, тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауға бақылауды жақсартуға, қаланың бірыңғай жобалық кодексін енгізуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде мемлекеттік бақылау қолөнершілерді қолдауды, транзиттік көлікті реттеуді және қаланың тарихи болмысын сақтауды қамтамасыз етеді.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!