Фото: instagram.com/realDonaldTrump

KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп жақын уақытта Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Оның айтуынша, әңгіме «жақсы өтеді» деп үміттенеді. Дональд Трамп бұл жөнінде Politico басылымына берген сұхбатында айтты.

Сондай-ақ ол алдағы демалыс күндері Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу өткізуді күтіп отырғанын жеткізді.

— Менің ойымша, онымен (Зеленскиймен — ТАСС ескертпесі) бәрі жақсы болады. Владимир Путинмен де бәрі жақсы өтеді деп ойлаймын, — деді Трамп.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!