Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің делегациясы Түркияның Анталья қаласына іс-сапармен барды.

Сапардың мақсаты екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру, Түркия елінің Мәдениет және спорт министрлігі мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті арасындағы «Мәдени мұра» халықаралық жобасын жандандыру.

Делегация ресми кездесулерде алдағы жұмыстарды талқылады.

Сапар барысында бір жеті бойы түрік елінің мәдениетімен салт-дәстүрімен танысып, ЖОО тыныс-тіршілігін көріп, тәжірибе алмасады.

Дереккөз, фото: университеттің медиа орталығы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!