Sputnik. Алакөл туристік аймағын кешенді түрде дамыту бойынша тұжырымдама таныстырылып, мамандар бас жоспарды әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оған сәйкес, 300 гектарды құрайтын жағажай аумағын ұлғайту жоспарланып отыр. Көлдің оң жағалауында сазды жер көп. Сондықтан сол жағалауды ұзартуға шешім қабылданды. Ал жаңа бас жоспарды дайындау барысында Түркия мен Мысырдың жағажай инфрақұрылымын дамыту үлгілері негізге алынады.

«Әлемдік стандарттарға сәйкес, су шетінен 100 метр қашықтықта құм жатуы керек. Алакөл жағалауы аббатандырылады, жаяу жүргіншілерге арналған қыдыру аймақтары да болады», – делінген хабарламада.

Бүгінде «Сан Бао», «Ванджан» мен «Juding Group» компаниялары Алакөл экономикалық форумының конференциялық орталығы, халықаралық мейманхана, жоғары сапалы ағаш үйлер (эко-үйлер), ғарыш базасының сауықтыру орталығы, Қазақстанның халық мәдениеті көрме-сауық орталығы, су сарайы, отбасылық ғылыми-зерттеу базасы секілді жобаларға инвестиция салуға дайын.

Олар жақын арада көлдің жағалауына бірден құрылатын 100 үйді қойып беруге әзір екенін де айтты. Облыс әкімі Берік Уәли жергілікті компаниялармен бірлескен концорциум негізінде жобаларды іске асыруға тапсырма берді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!