Фото: polisia.kz

Түркістан облысында есірткі контрабандасымен айналысқан 120-дан астам шетелдік ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап. 

«Мәселен тәртіп сақшылары осы жылдың 10 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 652 дерекке тосқауыл қойды. Оның 267-сі қылмыс болса, 385-і – теріс қылық. Есірткі сату бойынша 42 дерек, аса ірі көлемде есірткі сақтау – 13, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру – 67, есірткіні, психотроптық заттарды заңсыз жарнамалау, насихаттау бойынша 8 дерек анықталған», – делінген хабарламада.

Полиция прокуратура өңір жастарымен бірлесіп, 100-ге жуық есірткіні жарнамалайтын жазбаны жойды. Заңсыз айналымнан 335 келіге жуық есірткі тәркіленді. Есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдаудың 137 арнасының жұмысы тоқтатылды.

Мысалы, контрабанданың 127-сі Өзбекстан шекарасынан Қазақстан аумағына өту кезінде анықталған. Ал 10 жайт ҚР-дан Өзбекстанға өту кезінде тоқтатылды. Күдіктілердің 88-і – Өзбекстан азаматы, 37-сі – Тәжікстан азаматы болған.

Ал трамадолға қатысты екі қылмыстық іс, бір теріс қылық тіркелді. Мың трамадол дәрісі тәркіленді. Сондай-ақ есірткі қойып кетуші 34 тұрғын анықталып, олардан 4 келіден астам синтетикалық есірткі алынды. Тікұшақпен аудандарда есірткі егуге ықтимал жерлерге әуемен барлау жұмыстары жүргізілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!