фото: freepik сайтынан

Түркістан облысындағы колонияда тұтқындар бүлік шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Түркістан облысындағы мекемеде сотталғандардың бір бөлігі қамауда ұстау режимімен келіспеуіне байланысты бағынбаушылық танытқан», – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі.

Бұл ретте Ұлттық ұланның екі әскери қызметкері мен бір полиция қызметкері жеңіл жарақат алып, медициналық көмек алғаны хабарланды.

«Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 428-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген хабарламада.

ҚАЖК мәліметінше, қазіргі уақытта жағдай тұрақталған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!