Фото: istockphoto.com

Бүгін таңертең Түркістан облысының Мақтаарал ауданында екі балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сейсмикалық станциялар желісі 9 желтоқсан күні сағат 08:24-те жер сілкінісін тіркеген. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 742 шақырым жерде орналасқан.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент ауылының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезген.

«Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ», – деп хабарлады ТЖ министрлігі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!