Түркістан облысы Ордабасы ауданында мектеп оқушысы ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинады. Жәнібек Әбілхан Темірлан ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәнібек Асқарұлы 1 сыныптан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияда білім алып келеді. Сынып жетекшісі – Гүлзира Ағабекқызы Бортай.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, мектеп түлегі ұлттық бірыңғай тестілеуде информатика пәнін таңдаған.
Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек ізденімпаз, білімді оқушы. Жәнібектің жетістігі- табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі,-деп атап өтті басқармадан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!