Алты жыл бойы абақтыда отырып, осы жазда бостандыққа шыққан Бақытбек Есентаев соңғы кездері әлеуметтік желіде жиі көзге түсіп жүр. Продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуінің бұл жолы дүбірлі тойда көңіл көтеріп жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Экспресс К

Есентаевтар туған-туыс, дос-жаранның басын қосып, дүркіретіп той жасады. Бүкіл меймандарға ақ дастархан жайып, құдалық өткізген Бақытбектің қарындасы екен. Нағима Есентаеваның жалғыз ұлы қолына құсын қондырып, шаңыраққа келін түсірген. Ол отбасындағы жағымды жаңалықты әлеуметтік желіге салып, көпшілікке көрсеткен.

Дүркіреп өткен сауық-кештегі фото-видеоларға көз жүгіртсек, әуелі қыз жақтағы ұзату кешіне Бақытбек бас құдалардың бірі ретінде арнайы барған. Қара костюм-шалбар киген оның тойда көңіл көтергенін аңғаруға болады. Кейін Есентаевтар жаңа құдаларды шақырып, қазақы салт-дәстүрмен құдаласу рәсімін өткізіпті. Қарындасы да қуаныштан жүрегі жарылардай болып би алаңында шайқап жүр.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы Бақытбек Есентаев әйелі Баян Мақсатқызын соққыға жығып, пышақ жарақаттарын салғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол соңғы алты жылын Алматы облысы Заречный ауылындағы қатаң режимдегі колонияда өткізді. Мұнда ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!