Ақтау қаласының әкімдігі осындай мәлімдеме жасады.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Ақтауда Республика күніне орай сейсенбі, 25 қазан күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады.

«Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына! 25 қазан күні Ақтау қаласында №2, 3, 4, 4М, 5, 7, 8 маршруттарымен қатынау тегін болады» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше Атырау қаласының әкімдігі де осындай хабарландыру жариялаған болатын.

Smart Atyrau коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Арслан Ароновтың айтуынша, 25 қазан күні қоғамдық көліктер мұнайлы шаһар тұрғындары мен қонақтарын тегін тасымалдайды.

«Биыл елімізде 25 қазан – Республика күні қайтадан атып өтіледі. Осыған орай атыраулықтар мен қонақтар қала ішінде және оған таяу орналасқан елді мекендерге қатынайтын барлық қоғамдық көлікте тегін жүреді. Әкімдік пен жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың ортақ шешімімен қабылданған бұл мүмкіндікті жас айырмашылығына қарамастан жолаушылардың бәрі пайдалана алады», -деп мәлім етті Арслан Аронов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!