Фото әлеуметтік желіден алынды
Парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев қазақстандық әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзімділік танытуының себептерін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Мына нәрсені айта кеткен жөн. Ер адам ұрып-соқса, 15 күнге қамауға алып кетеді. Алайда әйелінің өзі оған ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, босатуды сұрайды», –деді Азат Перуашев.
Оның пікірінше, қазіргі ұрпақ тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінде дұрыс ойланбайды.
«Бұл жерде әңгіме дәстүрлі және отбасылық құндылықтар туралы емес. 20-30 жыл бұрынғы ұрпақтың қарым-қатынасқа деген көзқарасы озық болды. Қазіргі тұрмыстық зорлық-зомбылық себептері бізге жат нәрселерді таңып жатқан исламданумен тығыз байланысты. Зайырлы өмір салты мен заңдарға бағынбай, керісінше имамға жүгінеді. Бұл дұрыс емес. Зайырлы мемлекет болғымыз келсе, заңға бағынуымыз керек», – деді депутат.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!