Белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов қарамағындағы 100 қызметкерге Алматы қаласынан баспана сыйлады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, кәсіпкерге бұл идея 2024 жылы келген.

«Бұл адамдар — менімен 20 жыл бойы еңбек еткен жандар. Комиссия құрып, нағыз мұқтаж жандарды таңдадық. Олардың көпшілігінде бірде-бір пәтер жоқ», – деді ол.

Алагөзов баспанаға мұқтаж адамдардың басым бөлігі – қарапайым жұмысшылар екенін ерекше атап өтті. Олардың арасында кіші қызметкерлер, жүргізушілер, жүк тасымалына жауапты адамдар бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!