Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова 8 мыңнан астам студент білім алатын Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол оқытушылармен, студенттермен және ректор Гүлмира Қанаймен тілдесіп, 78 жылдық тарихы бар оқу орнына экскурсия жасады.

Шара барысында Салтанат Тұрсынбекова өзінің өмірі мен еңбек жолына тоқталды. Ол кез келген қыздың арман-мақсатына жете алатынын жеткізді. Спикердің айтуынша, кез келген адам өзіне-өзі кедергі жасамауы керек.

Мен өзім ауылдан, көп балалы отбасынан шықтым. Бірақ өмір бойы білім алдым, жұмыс істедім, өзімді дамыттым. Барлық әріптестерімнен көп жұмыс істеуге тырыстым, күні бойы, кейде тіпті түнгі уақыттарда да жұмысқа шыққан кездерім көп болды. Осының арқасында мен өзімнің барлық армандарым мен мақсаттарымды жүзеге асыра алдым. Менің ойымша, біз өзіміз ойлаған нәрседен де көп нәрсеге қол жеткізе аламыз. Ғалым болғымыз келсе, бола аламыз. Ғарышқа ұшқымыз келсе – ол да мүмкін нәрсе. Әлемдегі ең жақсы стартапты іске қосқымыз келсе,  сәл тер төксек, оны да оп-оңай жасай аламыз Біз өз күшіміз бен мүмкіндіктерімізге күмән келтірмеуіміз керек. Арман-қиялдарымызды шынға айналдыру үшін қазір мүмкіндік өте көп, – деді ол.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!