«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігі Жұмбақтас жартасына көтерілуге қатаң тыйым салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл шектеу табиғи ескерткішті сақтау және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.
Жұмбақтас — Бурабай курортының символына айналған ерекше табиғи нысан. Ол тек көркем келбетімен ғана емес, мәдени маңызымен де құнды. Енді Жұмбақтасқа көтерілуге қатаң тыйым салынады. Бұл — табиғатты қорғау ережелерін бұзумен қатар, өмір мен денсаулыққа төнетін тікелей қауіп. Белгіленген шектеулерді сақтауға және Қазақстанның табиғи мұрасына құрметпен қарауға шақырамыз. Ережені бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, – делінген ресми хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!