Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылында рейдтік-профилактикалық іс-шара жүргізу барысында тұрғын үйдегі өмірге қауіпті жағдайдың алдын алды.

Тексеру кезінде көпбалалы отбасылардың бірінің үйінде бірнеше айдан бері газ құрылғысында ақау болып, үй ішіне улы газдың (көмірқышқыл газының) таралу қаупі туындағаны анықталды. Мамандар бұл жағдай тұрғындардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертіп, жедел түрде «104» авариялық қызметін шақыртты.

Аталған қызмет өкілдері дереу жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қауіпті ақауды жойды. Отбасы мүшелері аман-есен, зардап шеккендер жоқ.

Қызметкерлер үй иелеріне газ құрылғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, улы газдан уланудың белгілері мен алдын алу шаралары туралы ақпараттық жадынама табыстады.

Қызылорда облысы ТЖД тұрғындарды тұрмыстағы газ құралдарын ұқыпты пайдаланып, техникалық тексеруден уақытылы өткізіп тұруға шақырады. Улы газ – көзге көрінбейтін, бірақ өте қауіпті. Қарапайым сақтық – өміріңізді сақтайды!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!