Ресейдің Нижегородская облысында үйге тапсырыспен келген суши мен роллдан алтын тіс шықты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқиға демалыс күндері болған. Жергілікті тұрғын Татьяна 1300 рубльге ролл тапсырыс берген. Курьер тапсырысты алып келгеннен кейін Татьяна отбасымен және достарымен оны жемек болған. Бірақ оның немересе қақалып, аузынан алтын тіс шыққан. Татьянаның немересінің жүрегі айни бастаған. 

Келесі күні жапон мейрамханасының өкілі келіп, тісті көріп, ол аспаздардың тісі емес екенін мәлімдеген. Мейрамхана өкілдерінің сөзінше, Татьянаның отбасы мейрамханадан 5 мың рубль талап еткен. Мейрамхана иелері бұл ұсыныстан бас тартқан. Бірақ сушидің ақшасын қайтарған. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!