Үкімет Ұлытау облысының Жезқазған қаласындағы жылу желілерін жөндеу үшін резервтен 1,5 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл ақша Жезқазғанның ТМ11 жылу желілерін жөндеп, жаңғыртуға бағытталған. Қазір қаладағы құбырлардың 60 пайызға жуығы тозған.

«Жалпы, облыс бойынша жылу желілерінің 58 пайызы тозған. Құбырлардың көбі 1951 жылы салынған. Ал, 89 мың тұрғыны бар Жезқазған қаласындағы құбырлардың жалпы ұзындығы 398 шақырым», – деп хабарлайды үкімет.

Резервтен бөлінген қаражаттың арқасында 2024–2025 жылдары қалада жылу үзілмей беріледі деген болжам бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!