Қазақстандағы Үндістан Елшілігінің жанындағы Свами Вивекананда мәдени орталығының қолдауымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері үшін йога бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара әлеуметтік қызмет ретінде ұйымдастырылып, студенттердің денсаулығын жақсарту, стрессті басқару және оның алдын алуға бағытталды. Қатысушылар йога мен медитация негіздерін меңгеріп, денсаулықты нығайту, күйзелісті азайту және өмір салтын жақсарту жолдарын үйренді.

Шеберлік сағатын тәжірибелі йога нұсқаушысы, Thane қауымдастығының вице-президенті, Үндістаннан келген Снехал Кале ханым өткізді. Снехал Кале йога саласында жоғары кәсіби біліктілікке ие, ол Үндістанның AYUSH министрлігінен QCI 2 деңгейіндегі сертификат алған. Сонымен қатар, ол Санскрит университетінің “йогашастра” мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие.

Бұл іс-шара Үндістан мен Қазақстан арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты ілгерілетуге және екі ел арасындағы мәдени диалог арқылы халықтар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

Айта кету керек, 2021 жылдың қарашасында Қазақстандағы Үндістан Елшілігінің жанындағы Свами Вивекананда мәдени орталығының бастамасымен үнді биі, музыкасы және йога бойынша шеберлік сабақтары өткізілген, сондай-ақ университет кітапханасында “Үнді кітап бұрышы” ашылған болатын.

Снехал Кале ханымның шеберлік сағаты Халықаралық байланыс және психологиялық қолдау орталығының ұйымдастыруымен өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!