«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түркі елдеріне ортақ «Қорқыт ата» телехикаясының түсірілім жұмыстарын аяқтады. Тарихи туынды Өзбекстан және Қырғыз елі елдерімен бірлесе түсірілген деп хабарлады Жобаның тарихи кеңесшісі – этнограф Берік Жүсіп. Редакторы – Болат Жетекбай. Продюсері – Шолпан Батырбаева.
Қорқыттың әр кезеңдегі рөлдерін Дінислам Нұрмағамбет, Әділ Ахметов және Айдос Бектемір сомдайды. Сонымен қоса, негізгі тарихи рөлдерді Еркебұлан Дайыров, Зарина Кармен, Медғат Өмірәлі ойнайды. Сериалда қырғыздың атақты манасшысы Рысбай Исақов пен танымал актер Аскат Сулаймановтың рөлдері бар.
Телехикая сюжетінде Қорқыттың дүниеге келуі, балалық шағы, жеткіншек кезінен сәуегей, абыз ретінде қалыптасу жолы көрсетіледі. Телехикая сценарийі әлемдік деңгейде зерттелген «Қорқыт ата» кітабына және халық арасындағы аңыздарға негізделген.
«Қорқыт ата» тарихи биографиялық драмасы – «Қазақстан» телерадиокорпорациясының өзге мемлекетпен бірлесе түсірген алғашқы телехикаясы. Сериалдың экранизациясы 2023 жылдың соңына жоспарланған.
Жоба продюсері Шолпан Батырбаева – бұған дейін «Qazaqstan» ұлттық телеарнасындағы жоғары рейтингті «Ауыл мұғалімі», «Шырағым», «Шабдалы18» телехикаяларына жетекшілік еткен, режиссер Қ. Мұстафин алғашқы отандық 100 бөлімді телехикая «Қара шаңырақ» сериалының режиссері ретінде танымал.
Режиссер Қанағат Мұстафин бастаған шығармашылық топ 4 бөлімнен тұратын тарихи телехикаяның түсірілім жұмыстарын өткен жылдың қыркүйек айында бастаған. Өзбекстанның Хиуа қаласындағы тарихи кадрлар қаңтар айында түсірілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!