Фото: freepik.com
Үш жылда геологиялық барлау саласына 280 млрд теңге жеке инвестиция тартылды. Бұл турады GECA 2026 халықарлық геологиялық форумының жалпы отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев геология және жер қойнауын пайдалану саласын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Президент тапсырмасы бойынша инфрақұрылымды жақсартуға және қолайлы инвестициялық орта қалыптастыруға бағытталған ауқымды реформалар іске асырылып жатыр, – деді Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының іске қосылуы маңызды қадам болды. Ол көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етті.
«Бірінші келді – бірінші алды» қағидаты бойынша әлемдік озық тәжірибе негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру процесі айтарлықтай жеңілдетілді. Бұл соңғы үш жылда геологиялық барлау саласына шамамен 280 млрд теңге көлемінде жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік берді. Пайдалы қазбалардың қорлары бойынша халықаралық есептілік стандарттары енгізілді. Геологиялық зерттеу тәсілдерін одан әрі жетілдіру үшін 1:50 000 масштабтағы геофизикалық карталарды әзірлеу қолға алынды, – деді Премьер-министр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!