Қызылорда қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған облыстық 27-сессия өтті. Аталған жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қарақат Әбден қатысты.
Сессия барысында депутат ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің маңызын атап өтті. Қазақстан халқы
Ассамблеясы 30 жыл ішінде тұрақтылықтың және ұлтаралық татулықтың тірегіне айналды. Бұл бағытта Сыр өңірінде де ауқымды жобалар іске асуда.
Атап айтқанда, құны 3,8 млрд теңгені құрайтын жаңа «Достық үйі» осы жылдың қараша айында пайдалануға беріледі. Сондай-ақ облыстың барлық жеті ауданында «Руханият орталықтары» жұмыс істеп, этносаралық келісімді нығайтуға өз үлесін қосып отыр.
«Ауыл» партиясы ұлттық бірлікті сақтауды басты құндылықтардың бірі ретінде қарастырады және бұл бағыттағы мемлекеттік бастамаларды қолдайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!