Фото: Sputnik / Олег Ласточкин
Sputnik. Қазақтан Ұлттық банкі мамырдан шілдеге дейін 21,6 тонна алтын сатты, деп хабарлады Ranking.kz.
Алтын-валюта резервтеріндегі алтынның үлесі 3%-ке азайды.
Қазақстанның жалпы халықаралық резервтерінің көлемі биыл тамызда 42,7 млрд доллар болды, өткен жылмен салыстырғанда 27,2%-ке көп.
«Биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның алтын-валюта резерві небәрі 692,3 кг-ға өсті. Алғашқы төрт айда 22,3 тонна алтын сатып алынды, бірақ мамырдан шілдеге дейін — керісінше, Ұлттық банк осы бағалы металдың 21,6 тоннасын сатты», – деп жазды басылым.
Қазақстан 2022 және 2023 жылдары 108,1 тонна алтын сатқан: 2022 жылы 50,7 тонна және 2023 жылы 57,4 тонна.
Жалпы халықаралық валюта қорының қаржылық статистикасына негізделген World Gold Council деректеріне сәйкес, Қазақстан алтын қорларының көлемі бойынша әлемде 18-ші орында тұр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!