Sputnik.Қазақстан Ұлттық банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

«ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ монеталарында Отан қорғаушылардың ерлігі мен жанқиярлық рухына деген терең құрметтің белгісі бар. Бұл монеталар Ұлы Жеңіс туралы тарихи оқиғаны мәңгі есте сақтап, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында шығарылып отыр. Монеталар атаулы датаға арналған мәдени әрі тарихи мұраны сақтау жолындағы ұмтылысты паш етеді», – деп жазылған хабарламада.

Монеталарда ерлікпен қаза тапқан қаһармандарды еске түсіретін мәңгілік алау көрініс тапқан. «80» санындағы ою-өрнек жеңіс лентасын бейнелейді және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы элементтерімен үндесетін стильде орындалған.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды. Монеталар номиналы – 200 және 1 мың теңге.

Монеталар құрамы:

  • алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалды, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, түрлі түсті баспа технологиясы қолданылған, дайындау сапасы – «proof», номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2 000 (екі мың) дана;
  • нибрасс/нейзильбер қоспаларынан (биколорлы) жасалды, массасы – 7,5 грамм, диаметрі – 26 мм, дайындау сапасы – «uncirculated», номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 10 000 000 (он миллион) дана.
Коллекционные монеты ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2025
Фото: Нацбанк Казахстана

Номиналы 200 теңгелік биколорлы монеталар Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста бар монеталармен бірге еркін айналымда болады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банктік шоттарға есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға міндетті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!