Қазіргі заман жастары – ел ертеңін қалыптастыратын негізгі күш. Олардың ойы, талпынысы мен азаматтық ұстанымы қоғам дамуының маңызды көрсеткіші. Осы ретте жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, азаматтық ұстанымын күшейту, елжандылық рухын арттыру және қоғамдық мәселелерді батыл көтере алатын жаңа буын қаламгерлерін қолдайтын шаралардың маңызы зор.

Осы мақсатта 2025 жылдың 11 желтоқсан күні ЖСДП Қызылорда облыстық филиалы 16 желтоқсан − Тәуелсіздік күніне арналған ерекше мазмұндағы публицистикалық мақалалар байқауын ұйымдастырды.

Ұлттық сана және жаңа буын: ЖСДП-ның жастарға арналған шығармашылық бастамасы

Бұл байқау – тек жас қаламгерлердің жарысы ғана емес, елдік мүдде, ұлттық сана және қоғамдағы өзекті мәселелер жайлы ашық ой айтуға мүмкіндік берген маңызды платформа. Қатысушы студенттер өз шығармалары арқылы ел болашағына бейжай қарамайтын жаңа буынның қалыптасып келе жатқанын көрсетті. Байқауға Қызылорда қаласының жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, елдік мүдде, ұлттық құндылықтар және қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өз ойларын публицистика тілімен жеткізді.

 Қатысушылардың жұмыстарын арнайы комиссия сараптап, ең үздік мақалалар анықталды. Жеңімпаздар марапатталып, таңдаулы материалдар өңірлік БАҚ-та жарияланатын болады.

Ұлттық сана және жаңа буын: ЖСДП-ның жастарға арналған шығармашылық бастамасы

Бұл байқау жастардың шығармашылық қабілетін ашып, қоғамдағы белсенді көзқарастың маңызын тағы бір мәрте айқындады.

ЖСДП ҚОФ баспасөз бөлімі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!