Фото: Sputnik / Абзал Калиев
Sputnik. «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» (ҰССО) мекемесі нарықтағы үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Компания 2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың желтоқсанына дейін метрологиялық қызметтерге және 2021 жылдың қаңтарынан бастап 2022 жылдың тамызына дейін тауарлардың сәйкестігін растау қызметтеріне монополиялық жоғары баға белгілегені үшін кінәлі деп танылды», – делінген хабарламада.
Департамент тексеру барысында ҰССО қызметтер көрсетуге тікелей байланысты емес шығындарды қызметтердің құнына қосып, бұл бағаның негізсіз өсуіне әкелгені анықталды.
«Астана қаласы бойынша департаменті ҰССО-ға қатысты әкімшілік іс қозғады, іс материалдары сотқа жолданды. Нәтижесінде Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ЖСШ-ға айыппұл салды: 370,3 млн теңге метрология саласындағы қызметтері және 222,5 млн теңге тауарлардың сәйкестігін растау қызметтері бойынша белгіленді. Айыппұлдың жалпы сомасы 592,7 млн теңгені құрап, ол толығымен төленді», – деп хабарлады ведомстводағылар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!