«Қазалы ауданы көлемінде қоғамдық-саяси маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында 2025 жылғы 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен наградталатын тыл ардагерлері мен Қазалы ауданының рухани-мәдени дамуына сіңірген еңбегі үшін облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, салтанатты түрде гүл шоқтары табысталды.

Аталған іс-шара Қазалы аудандық Қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен өткізіліп, қатысушылардың жүрегіне жылы әсер қалдырды. Іс-шара барысында тыл ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп, олардың майдандағы және тылдағы ерен еңбектері атап өтілді. Мерекелік жиынға аудан әкімдігі, ардагерлер кеңесі, қоғамдық ұйымдар мен жастар өкілдері қатысты. Сондай-ақ, жиналған қауымға мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!