Фото: ҚР ТЖМ
Ұлытау облысында ТЖМ қызметкерлері жоғалған 5 адамды тапты, деп хабарлайды KAZINFORM.
Кеше Жезды кентінен жеңіл автокөлікпен бес адам «Бидаш-ана» шаруа қожалығына шығып, хабарсыз кеткен. Бүгін туыстары құтқарушылардан көмек сұрады.
ТЖМ күштері дронның көмегімен іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Бүгін іздестіру тобы жоғалғандарды тауып, Жезді кентіне эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Белгілі болғандай, техниканың ақаулығынан олар қар құрсауында қалып қойған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!