Фото с сайта премьер-министра Казахстана

Sputnik. Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – деп жазылған хабарлады.Рыспеков Дастан 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаменті түсімдерді болжау бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

2007-2016 жылдары Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2016-2018 жылдары — «Астана ЭКСПО-2017″ ҰК» бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры – бас бухгалтері.2018-2019 жылдары — Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы.

2019 жылдың сәуір айынан бастап «Астана ЭКСПО-2017″ ҰК» АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.

2020 жылдан 2023 жылдың тамызына дейін Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

2023 жылдың тамыз айынан бастап Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!