Алайда Ұлытау облысының аумағына зымыран бөліктері құлаған. Мамандар «Союз МС-28» қалдықтарынан экологияға зиян келтірілмегенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылдың 27 қарашасында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Астана уақытымен 14:27-де «Союз МС-28» пилоттық кемесі бар зымыран-тасығыш сәтті ұшырылды. Зымыранның ұшырылуы штаттық режимде өтті.

– Зымыранның бірінші сатысы Ұлытау облысындағы елді мекендерден қашықтағы арнайы белгіленген аймаққа құлады. Халық үшін қандай да бір қауіп жоқ. Оқиға орнында «Роскосмос» мамандары, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей экологтері жұмыс жүргізіп жатыр. Өлшеулер мен сынамалар алынады. Алдын ала мәліметтер бойынша, экологияға зиян келтірілмеген, – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Ведомство атап өткендей, «Союз МС-28» экологиялық тұрғыдан қауіпсіз отын – керосин мен сұйық оттегін пайдаланады.

Құлаған бөлшектер радиациялық, химиялық немесе биологиялық қауіп тудырмайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!