Фото: видеодан скриншот

Halyq Uni. Қызылорда мен Ұлытау облыстарының арасына қатынайтын жүргізушілер небәрі 400 шақырым жолда 15 сағат жүреді. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Кейінгі тәулікте екі облыс арасындағы жолдың қолайсыздығынан 75 көлік батпаққа батып, жолда қалған. Салдарынан көлік жүргізушілері құтқарушылардың көмегіне жиі жүгінеді. Ал көмекке келген құтқарушылар автокөліктерді ауыр техникалармен сүйреп шығаруға мәжбүр. Жүргізушілердің бар тілегі – елді мекені жоқ, желі ұстамайтын жолда жалғыз қалып қоймау.

Бұл тасжолдың пайдалануға берілгеніне 50 жыл болған. Содан бері қайта жөндеу жұмыстары 2 жыл бұрын ғана басталыпты.

Көліктердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдан бастап тасжолдың Қызылорда облысына қарасты бөлігінде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Ұлытау облысы бойынша бұл жұмыстар биылғы екінші жартыжылдықта басталуы керек.

Жауаптылар қазір тасжолдың Ұлытау өңіріне қарасты бөлігін жөндейтін компанияға конкурс өткізіліп жатқанын жеткізді. Ал көлік жүргізушілері неше жылдан бері армандаған тасжолдың құрылысы тағы да созбалаңға салынбаса деп тілейді», – деді «Қазавтожол» АҚ пайдалану департаментінің жетекші менеджері Дінмұхамед Еркін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!