SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлытау облысы басқа өңір тұрғындарын қоныс аударуға шақырып, қомақты мемлекеттік қолдау ұсынуда.
Бағдарламаға Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда, Жетісу облыстарының, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары қатыса алады.
Көшіп барған әрбір отбасы мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде (257 240 теңге) біржолғы субсидия беріледі. Бұдан бөлек, бір жыл бойы ай сайын 117 960 теңгеге дейін тұрғын үйді жалдау мен коммуналдық шығындар өтеледі. Жеке тұрғын үй сатып алғандар үшін шығынның 50 пайызы, яғни небәрі 4,5 миллион теңгеге дейінгі өтемақы қарастырылған.
Өңір билігі тұрақты жұмыспен қамтуға уәде беріп отыр. Білім беру, денсаулық сақтау, IT, мәдениет, спорт, өнеркәсіп және жұмысшы мамандықтары бойынша 1000-нан астам бос орын ұсынылған.
Сонымен қатар ауылдық елді мекендерге кемінде бес жылға барған дәрігерлер мен фармацевттерге біржолғы әлеуметтік төлем 5–8 миллион теңге аралығында белгіленген.
Өтінішті онлайн түрде Migration.enbek.kz порталы арқылы беруге болады. Толық ақпарат алу үшін 8 708 070 0607 немесе 8 707 918 98 06 нөміріне хабарласуға болады.
Ұлытау облысы билігінің айтуынша, өңір тек тарихы мен мәдениетімен ғана емес, инфрақұрылымның дамуы, жаңа әлеуметтік нысандардың салынуы және кәсіпкерлікке ашылған мүмкіндіктерімен де тартымды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!