Фото: syr-media.kz

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Президент қол қойған тиісті құжат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Қанатай Жорабекұлы Далматов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды», – делінген құжатта.

Қанатай Далматов 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Бұған дейін ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары қызметін атқарған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!