Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбет, сектор меңгерушісі Нурлан Бектибаев және бас маман Дана Сабырбай «Ардагерім – ардағым» жобасы аясында ауданымыздың тыл ардагері Жанұзақ Оспан Тәуекелұлы атамызға арнайы барып, құрмет көрсетті.Оспан атамыздың Отан үшін жасаған ерен еңбегі – өскелең ұрпаққа үлгі. Бөлім басшысы тарапынан жылы лебіздер айтылып, алғыс білдіріліп, гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды. Бұл шара – ерлік иелеріне деген алғыс пен құрметтің белгісі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!