Өткен жылдың соңында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бас шаһарды аралауы кезінде Арай-3 мөлтек ауданына да келген болатын. Онда аймақ басшысына қала әкімі Ғанибек Қазантаев игерілмей жатқан біршама бос жерлерді көрсетіп, оны игілікке жарату мақсатында бірнеше жобаның жасалғандығын айтқан еді.

Яғни, шұңқырлы жерлерді дария табанындағы құммен толтырып, дайын аумақты ұсыну арқылы инвесторларды тарту көзделді. Облыс әкімі ұсынысқа қолдау танытып, қызу тірлік басталып кетті. Бүгін қала әкімі Ғанибек Қазантаев жұмыс барысын көру үшін аталған аумаққа арнайы барды.

Жағдайды бақылап, алдағы жоспарлар жайын тиісті сала басшыларымен талқылады. Инвестиция салуға ниетті кәсіпкерлермен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Алдағы күндері бұл жерлер дайын болған кезде, инвесторлар бірнеше әлеуметтік нысандарды салу жұмыстарына кіріседі. Бірақ оған дейін халыққа қолайлы, нақты жобаларын ұсынулары керек.

Қала әкімі Ғанибек Қонысбекұлы жауапты сала басшыларына бұл бағыттағы жұмыстарға күнделікті бақылау жасап, кәсіпкерлермен қажетті шараларды пысықтауды тапсырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!