Фото: Алматы қаласы Спорт басқармасы
Алматы ипподромында қалалық Спорт басқармасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында бәйгеден іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды KAZINFORM.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген шабандоздар Алматыда бәйгенің 4 түрі бойынша бақ сынады. Жарысқа «Құнан бәйгеден» 27 сәйгүлік, «Топ бәйгеден» 46, «Аламан бәйгеден» 39, ал «Жорға бәйгеден» 11 сәйгүлік қатысты. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 16,5 миллион теңге.
«Құнан бәйгеде» Алматы облысынан келген Абзал Тұрғанбек мәреге бірінші, Алматы облысының тағы бір шабандозы Ділнұр Нұрмұқаш екінші, алматылық Абзал Тұрмыс үшінші жетті. «Құнан бәйгенің» үш қатысушысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға жолдама алды.
«Аламан бәйгеде» бірінші орын Жетісу өңірінің шабандозы Әлихан Болатханұлына, екінші орын Жамбыл облысынан келген Мұратхан Арнатқа, үшінші орын Мәди Жолшыбекке бұйырды.
«Топ бәйгеде» астаналық Арнат Мұратхан мәреге бірінші болып жетті. Екінші орынды Алматы облысының шабандозы Абзал Тұрмыс, үшінші орынды астаналық Исламнұр Ертөс иеленді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!