2025 жылғы 23 шілдеде Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі А.Б.Қасеновтің төрағалығымен гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілерімен ведомствоаралық кеңес өтті.
Аталған ведомствоаралық кеңесте 2025 жылы Қызылорда гарнизонындағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі мәселелері қаралды.
Гарнизон прокуратурасының негізгі күш-жігері әскери басқару органдары мен қылмыстық қудалау органдарының қызметін үйлестіруге, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және оларды болдырмауға, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің конституциялық және әлеуметтік құқықтарын қорғауға, сондай-ақ әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының «ӘСКЕРДЕГІ ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» және «ЦИФРЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКА» атты ведомствоаралық бағдарламаларын іске асыруға бағытталды.
Өткен ведомствоаралық кеңес қорытындысы бойынша Қызылорда гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің басшылық құрамына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысын күшейту, сондай-ақ әскери қызметшілер арасында жарақаттану мен суицидтің алдын алу, қызметтік тәртіпті, әкімшілік заңнаманы, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, жол қозғалысы ережелерін мен әскери киім нысанын кию қағидаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аудару ұсынылады.
Сонымен қатар казармадағы әлімжеттік пен әскери ортадағы өзге де құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу мақсатында әскери қызметке шақыру, әскери бөлімдер мен мекемелерге жұмысқа орналасу барысында «сенім телефондары» (27-77-37, 87715058978) енгізілді.
Қызылорда гарнизонының
әскери прокуратурасы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!